Поиск

Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу ерекше маңызға ие – Асхат Аймағамбетов


Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу қазіргі уақытта ерекше маңызға ие. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу қазіргі уақытта ерекше маңызға ие. Осы тұрғыда бейресми білім берудің нәтижелерін растау жүйесі де қайта қарастырылады. Тәуелсіз сертификаттау орталықтарының, оның ішінде өз бетінше мамандық иегерлері үшін де біліктілік беру одан ары қарай дамытылатын болады», - деді министр Үкімет отырысында.


Сонымен қатар ол білім алушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту тақырыбына тоқталды.


«Барлық деңгейдегі білім алушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жөнінде жұмыс білім берудің бүкіл деңгейлерінде жүргізіледі. Еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, «Атамекен» палатасымен бірге бұл жұмысты ары қарай жалғастырып, жүйелі түрде ұйымдастыратын боламыз», - деді А. Аймағамбетов.


Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.


© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon