Поиск

Асхат Аймағамбетов: Ұстаздардың күн-түні істеп жатқан жұмысын сызып тастауға болмайды



Ұстаздардың күн-түні істеп жатқан жұмысын сызып тастауға болмайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бүгінде сабақ болмай жатыр деп айту дұрыс емес. Өйткені, біздің 500 мың әріптесіміздің күн-түні істеп жатқан жұмысын сызып бастауға болмайды. Өте үлкен ауқымды жұмыс жасап жатыр. Әрине проблемалар бар. Оны біз білеміз. Оларға қатысты әріптестерімізден, ұстаздармен, мектеп басшыларымен жұмысты жасап жатырмыз. Әрі қарай да бұл жұмыстарды жалғастырамыз», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.


Министр білім беру платформаларына DDoS-шабуылдардың жүріп жатқанын жасырмады.


«Педагогтар жазғы уақытта тиісті дайындық курстарынан өтті. Курстар барысында гигиена, киберқауіпсіздік мәселелеріне қатысты білім бердік. ІТ-саласы бойынша тиісті дағдыларын дамыту бойынша дәрістер өткіздік. Әріптестеріміз ары қарай да дағдыларын дамыта береді», - деді Асхат Аймағамбетов.