top of page
Поиск

Қазақстандық мектептер екінші тоқсанда қалай оқытады



Оқу жылының екінші тоқсанында мектепте оқыту форматтары бойынша алдын ала есептеулер жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Білім және ғылым министрлігінің Telegram-да жариялаған мәліметінше, қазіргі кезде қазақстандық мектептерде 3,4 млн бала оқиды: қашықтан оқыту форматында – 2,4 млн, дәстүрлі форматта – 953 мың, 647 мың бала кезекші сыныптарда (1-4 сынып), шағын жинақты 3047 мектепте 306 мың оқушы білім алып жатыр.


Екінші тоқсанда оқу форматтары бойынша балалардың болжамды саны: қашықтан оқыту форматында – 2,2 млн, дәстүрлі форматта – 1,2 млн, оның ішінде 800 мыңнан астам бала кезекші сыныптарда (1-5 сынып), шағын жинақты 4010 мектепте 434 мың оқушы, 13 халықаралық мектепте 3 мыңға жуық оқушы (1-7 сынып) білім алатын болады.


Естеріңізге сала кетсек, тиісті шешім Ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданған болатын.

bottom of page