Поиск

Ақылбек Күрішбаев: Еліміздің университет жүйесін түбегейлі реттейтін уақыт келді



Жоғары оқу орындарындағы ғылыми кеңестің алқалы басқару органы ретіндегі өкілеттігін заңнамалық тұрғыдан нақтылау қажет. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге депутаттық сауал жолдаған Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Біріншіден, Назарбаев университетінің үлгісі бойынша отандық жоғары оқу орындарын толыққанды автономды басқаруға көшіру жөніндегі басталған реформалардың аяқталуын тезірек қамтамасыз ету керек. Екіншіден, университеттерді зерттеу бағытындағы жоғары оқу орындарына айналдыру үшін мемлекеттік қолдаудың жүйелі шаралары қажет. Бұл ретте АҚШ, Германия, Қытай, Ресей және тағыда басқа мемлекеттердің үлгісінде отандық университеттердің ғылыми - техникалық әлеуетін дамытудың арнайы бағдарламасын қабылдау өте маңызды», - деді Сенатор.


Үшіншіден, оның атап өтуінше, үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес, университеттер заманауи басқару жүйесіне ауысуы керек.


«Атап айтқанда, жоғары оқу орындарындағы Ғылыми кеңестің алқалы басқару органы ретіндегі өкілеттігін заңнамалық тұрғыдан нақтылау қажет. Ректор тек ашық конкурс негізінде тағайындалуы тиіс. Сонымен қатар, біздің ректорларымыз шетелдік жетекші университеттердегідей белгілі бір мерзімге ғана сайланып, ауысып тұруы керек. Бұл жоғары оқу орнының серпінді дамуын қамтамасыз етеді және жас кадрлардың бәсекелестігіне жол ашады»,- деді ол.


Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне сүйенген сенатор 2019 жылы мамандарды дайындау бағыттары бойынша мемлекеттік білім беру грантында оқыған университет түлектерінің тек 40-74 пайызы ғана жұмысқа орналасқан.


«Оның өзінде олар өз мамандығына сәйкес жұмысқа орналасты ма жоқ па, белгісіз. Егер жағдай өзгермесе біз жылда бюджет қаражатының кем дегенде 10 млрд теңгесін тиімсіз жұмсап отырамыз. Бұл дәйектер еліміздің жоғары білім саласындағы елеулі кемшіліктердің бетін ашып отыр. Бұл мәселе тек жеке меншік университеттерді жабумен шешілмейді. Жалпы еліміздің университеттік жүйесін түбегейлі реттейтін уақыт келді», - деді Ақылбек Күрішбаев.

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon