Поиск

Бақытжан Жұмағұлов: Оқулыққа қатысты мұндай сын бұрын-соңды болған емес



Еліміздің білім беру жүйесі Кембридж моделіне көше отырып, оны практика жүзінде сараптамадан өткізбеген. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминге депутаттық сауал жолдаған сенатор Бақытжан Жұмағаұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Оқулық туралы сын бұрын да айтылатын. Бірақ, 2016 жылдан бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан мұндай сын бұрын-соңды болған емес. Неге? Өйткені білім беру жүйесі Кембридж моделіне көше отырып, оны практика жүзінде сараптамадан өткізбеді. Оқулықтар асығыс, үстірт жазылды, жыл сайын үш сынып осы жүйеге көшірілді. Авторлар мен сарапшылардың жеткілікті деңгейде дайындығы мен айтарлықтай тәжірибесі болмады. Әрі оқу пәндері қалыптасқан модельге сәйкес келмеді. Осылай оқулықтардың құрылымы мен мазмұны түбегейлі өзгеріске ұшырады. Оның салдары қазір көрініп отыр. Қоғам оқулықтардың мәтінін, грамматикалық қателерін, безендірілуін, басқа да кемшіліктерді сын тезіне алып жатыр. Сындарлы сынды қабылдау қажет. Дегенмен, мұның түпкі себебі стандарттар мен оқу бағдарламаларында жатыр деп есептейміз. Оқулықтар соның негізінде жазылғанын естен шығармайық»,- деді сенатор.


Оның атап өтуінше, қажетті зерттеулер, әдістемелік кешенсіз, оқу бағдарламаларын жаңа тұжырымдамаға сай қайта құру, жаңа мазмұнмен толықтыру жағдайында жүргізілмеді. Барлық мектеп бағдарламаларының мазмұны өте қысқа мерзімде қайта жаңғыртылды. Көптеген мектеп пәндерінің құрылымы мен мазмұны өзінің методологиялық жүйесінен, тұтастығынан, пәнаралық және деңгейаралық жағдайынан айырылып қалды. Оқушылардың жеке деңгейі ескерілместен оқу материалдары толықтырылды.


«Оқулықтар дайындалып қойылғаннан кейін оқу бағдарламаларының барлығына дерлік өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Мысалы, бастауыш білім жөніндегі типтік оқу бағдарламасына 3 рет өзгеріс енгізіліп, бекітілген. Яғни, жобалар оқулық авторларына көрсетілместен жасалған. Сапалы бағдарлама болмаса, сапалы оқулық жазыла ма? Әу бастан оқу бағдарламалары кітап авторларына, мұғалімдерге түсінікті болып, кереғар пікір тудырмауға тиісті. Бірақ жағдай осылай қалыптасты. Неге? Мұның бір себебі - Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық академия қызметкерлерінің ғылыми атағы мен жалақысының төмендігінде ме деп ойлаймыз. Өйткені нормативтік-құқықтық құжаттар осында дайындалады», - деді ол.


Бақытжан Жұмағұловтың дерегінше, академияның 85 қызметкерінің 24 пайызының ғана ғылыми дәрежесі бар (3 - ғылым докторы, 3-PHD, 17- ғылым кандидаты).


Бас ғылыми қызметкердің жалақысы - 119 526 теңге, жетекші ғылыми қызметкер айына - 106 678 теңге алады, аға ғылыми қызметкердікі - 95 192 теңге, ал ғылыми қызметкердің алатыны -81 955 теңге.


«Мұндай айлықпен отырған адамнан қандай сапалы жұмыс күтуге болады? Айта кетелік, бұл еліміз бойынша орташа айлықтан екі есе төмен. Ендігі мәселе сараптама өткізудің рәсімі мен тетіктерін жетілдіру болып табылады. Оқулық шығарушы басылымдардағы сарапшылардың деңгейін жаңа деңгейге көтеру қажет. Олардың кәсіби деңгейін көтерудің әдістемесін жасап, сарапшылардың біліктілігі мен жауапкершілік деңгейін айқындау қажет», - деді ол.

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon