Поиск

Талғат Нәрікбаев: Жоғары білім бизнеске айналмауы керек



Жоғары білім бизнеске айналмауы керек. Студенттердің білімі мен тәжірибесін олардың ақшалары есебінен дамыту мүмкін емес. Қазақстан студенттері Альянсы мүшелерімен және 100-ден астам жоғары оқу орындарының белсенді жастарымен онлайн кездесуінде KAZGUU университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев осындай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Меніңше, студент жоғары білім үшін ақша төлемеуі тиіс. Осы уақытқа дейін Еуропада жоғары білім ақысы арзан болғанына таңғалатын едік. Мысалы Испанияда студенттер жылына бір мың евро төлейді. Қазақстандық кейбір жоғары оқу орындарында оқу ақысы одан әлдеқайда қымбат. Испаниялық ректордан оқытушыларының жалақысын сұрағанымда, айына 4-5 мың евро алатынын айтты. Өйткені мемлекет оқу орындарын тікелей қаржыландырып, айлықты да өзі төлейді. Сондықтан олар қосымша шығындарын өтеу үшін ғана студенттен жылына 1 мың евро алады», - деп түсіндірді KAZGUU университетінің Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев.


Оның айтуынша, қазақстандық жоғары оқу орындары студентке клиент ретінде қарайды. Шын мәнісінде, университеттің клиенті студент емес – жұмыс беруші. Өйткені нарықта жұмыс берушіге сапалы білім алып шыққан, бәсекеге қабілетті мамандар қажет.


«Менің ойымша, жоғары білім бизнеске айналмауы керек. Студент жоғары білім үшін ақша төлемеуі тиіс. Университет негізінен халқына, еліне қызмет етуі шарт. Университет - коммерциялық емес, әлеумет алдындағы жауапкершілігі бар ұйым. Студенттердің білімі мен тәжірибесін олардың ақшалары есебінен дамыту мүмкін емес. Себебі сапалы білім беруді ұйымдастыруда аз қаражат жұмсалмайды. Сондықтан білім сапасын арттырғымыз келсе, оқытушылардың жалақысын мемлекет тікелей қаржыландыруы керек (Испания, Германия немесе Нидерландыдағыдай), ал университет қаржыландырудың басқа көздерін қарастыруы қажет» - дейді Басқарма төрағасы.

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon