Поиск

ЮНИСЕФ: Қазақстан бала құқығын қорғауда әлемде жетекші орынға ие



Қазақстанда балалардың жағдайын жақсарту бағытында едәуір ілгерілеу байқалады. Сондай-ақ еліміз бала құқықтарын қорғау бойынша әлемде жетекші орынға ие. Бұл туралы бүгін Дүниежүзілік балалар күніне арналған брифингіде БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілінің орынбасары Вероника Ващенко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«1994 жылы Қазақстан балаларға мейірімді қоғам құрудың құралына айналған Бала құқықтары туралы конвенцияны қабылдады. Дәл сол кезде ЮНИСЕФ Қазақстанда өз кеңсесін ашқан болатын. Конвенция ратификацияланған сәттен бастап Қазақстан елдегі балалардың жағдайын жақсарту барысында едәуір ілгерілеу танытып, өңірлік және халықаралық деңгейде бала құқықтарын қорғау бойынша көшбасшыларының біріне айналды», – деп атап өтті Вероника Ващенко.


В. Ващенко Мемлекет басшысы балалардың құқықтарын қорғау мәселесіне ерекше назар аударатынын атап өтті.


«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйекте жарияланған Қазақстан халқына Жолдауында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі шараларды күшейтуге баса назар аударды. Бұл өте маңызды», – деді ЮНИСЕФ өкілі.


ҚР Білім және ғылым министрлігі үйлестіруші және бейінді ведомство ретінде балалардың құқықтарын қорғау бойынша кешенді шараларды белсенді түрде жүргізіп отыр.


«2020 жылдың қаңтар айынан бастап барлық өңірде «Балалар құқықтары жөніндегі жергілікті уәкіл» қызметі енгізілді. Бұл институт өз тиімділігін дәлелдеді. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша орталықтың аймақтарымен өзара әрекеттестігін күшейтті», – деп атап өтті Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова.

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon