Поиск

85 мың оқушыға Қазақстанда шығарылған компьютер тапсырылды


2020 жылы Қазақстанда шығарылған 85 267 компьютер мектеп оқушыларына табысталды. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі ҚР Үкіметінің көмегімен мектеп оқушыларына отандық сегіз өндіруші жасап шығарған 85 267 компьютер техникасын тапсырды.


ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мәліметінше, оның ішінде Үкімет резервінен бөлінген қаражат шеңберінде 74 711 компьютерлік техниканы жеткізуге 4 отандық өндірушімен келісімшарт жасалған («Логиком» АҚ, «Киров атындағы зауыт» АҚ, «Атеко» ЖШС және «РОМ Компьютерлік орталығы»).


Осы келісімдердің арқасында компаниялар 160 жаңа жұмыс орнын ашып, өндіріс көлемін өткен жылмен салыстырғанда 2,5 еседен астам өсірді (5,5 млрд теңге).


Бүгінгі күні отандық өндірушілер компьютерлік техниканы жеткізу бойынша барлық келісімшартты толығымен орындады.


«Қысқа мерзімге, компоненттердің жетіспеушілігіне және логистика проблемаларына қарамастан отандық компаниялардың көпшілігі барлық міндеттемелерді уақытында орындауға күш салды. Сонымен қатар, пайдаланушылардан өнімнің сапасына қатысты шағымдар болған жоқ, өйткені тәжірибесі мол және өнімдерді сынау үшін қажетті жабдықтары бар бұл компаниялар сапаны 3 жылға дейін кепілдікпен қамтамасыз етті», - дейді министрліктегілер.




Автор: Зарина Қаһарман


#Өнеркәсіп #Білім #Ақпараттық технологиялар #Цифрлық Қазақстан #ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

© 1999-2021  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon