главная

50-ге жуық оқушы министрмен кездесті

November 30, 2015

 

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов 27 қарашада Президенттік олимпиада жеңімпаздарымен кездесті. Аталмыш кездесу мен олимпиада Тұңғыш Президент күні мен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні мерекесі аясында өткізіліп отыр.

30 қазан мен 26 қараша аралығында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері атанған 50-ге жуық оқушы министрмен сұхбаттасу мүмкіндігіне ие болды. Олимпиаданың негізгі идеясы – жоғары білімді қазақстандық оқушыларды тәрбиелеу және жаратылыстану-математика ғылымдарын терең меңгерту болатын.

Осымен сегізінші мәрте өткізіліп отырған олимпиада биыл да үш кезеңен тұрды. Бірінші – аймақтық кезеңде 1024 мектептен барлығы 2040 мектеп бітіруші қатысты. (517-і мамандандырылған, 536-і ауылдық мектептерден). Екінші кезеңде республиканың барлық өңірлерінен 329 оқушы on-line режімінде тестілеуге және жоғары ұпай жинаған 165 оқушы эссе жазды. Үшінші кезең – республикалық, ол 2 тур бойынша 4 бағытта: математика, химия, физика и биологиядан өткізілді.

Жыл сайын зияткерлік республикалық жарыстарға 9-11 сыныптардың 2000-нан астам оқушылары қатысады. Бүгінде қазақстандық оқушылардың есімдерін беделді халықаралық олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары қатарынан жиі көруге болады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, біздің оқушылар халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 1246 медальді жеңіп алды, оның 270-і –алтын, 360-і -күміс, 596-сі қола, сондай-ақ 20-сы мақтау қағазы.

 

 

 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon