главная

Жас педагог математика сайтын құрастырды

Қызылорда қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің математика пәнінің мұғалімі Мұхтар Бегайдаров мұғалімдер мен оқушыларға арналған қазақша математика сайтын жасап шығарды, – деп хабарлайды  білім ордасының баспасөз қызметі.


«nismath.org» деп аталатын онлайн-платформада оқу процесінде пайдалануға болатын түрлі ресурстар мен құралдар жинақталған. Бұл сайтта оқушылардың қосымша теориялық материалдар, сынақ емтихан жұмыстары, әртүрлі типті тест пен олимпиада беті арқылы өздігінен білім алуына мүмкіндік жасалған. Сондай-ақ, мұғалімдер үшін пәнді оқытудың сапасын арттыру бағытында түрлі тақырыптағы мақалалар, бейнесабақтар мен 600-ге жуық үштілді математикалық терминологиялық сөздіктер мен оқулықтардың электронды нұсқалары жүктелген. Веб-портал қолданушыларына қажетті топқа бөлу және бірігу құралдары, калькулятор және таймер секілді қосымшалар да осы ақпараттық ортадан алуға болады.

 

– Бұл жұмысты 2018 жылы бастадым. Алғашқыда тек кітаптар мен тест жұмыстарынан құралған бұл платформа кейін әріптестердің ұсыныстары бойынша басқа да мүмкіндіктермен толықты. Мектептің өткен жылғы түлегі Арман Әлішер сайт логотипін жасауға көмектессе, биылғы 12-сынып оқушысы Нұрбол Бижігіт сайттың мобильді қосымшасын дайындауға атсалысты, – деді жас педагог.

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon