главная

Өскеменде шетелдік үлгідегі жатақхана ашылды

September 16, 2019

 

   Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында үш тілде білім беретін оқу орны  - Қазақстан-Американдық еркін университетінде бірінші рет жатақхана ашылды. 

 Жатақхана шетелдік үлгімен салынған. Студенттердің тамақтанатын орыны жатын бөлмесінен бөлек. Сондай-ақ ғимарат ішінде үлкен спорт залы да бар.  Оқу орынның басшысы Ережеп Мәмбетқазиевтің айтуынша, мұнда 100-ден астам орын бар.

 - Студент үйінде шетелдік білім алушылармен қатар жергілікті жастар да тұрады. Жергілікті студенттерге жағдайына және оқу үлгеріміне қарай орын береміз. Жеке меншік оқу орыны болған соң, барлығын қамтуға мүмкіншілігіміз жетіңкіремейді, - дейді Ережеп Мәмбетқазиев.

Студент үйінің лентасын қала әкімі Жақсылық Омар мен Америкадан арнайы келген «Co-Serve International» қорының президенті, ҚАЕУ-дың халықаралық қамқорлық кеңесінің төрағасы Маршалл Кристенсен кесті.

Айта кету керек, аталмыш оқу орынының ашылғанына биыл 25 жыл толды.

 - Жаңа жатақханадан бізге де бір бөлме бұйырды. Іші әдемі, барлық жиһаз жаңа! Біз мұндағы шетелдік студенттермен дос болып кеттік. Оларға қаланы аралатып, қажетті кезінде аудармашы боламыз, - дейді білім ошағының шет тілі мамандығының студенттері Әйгерім Жайлауханова мен Саида Әбдукәрім.

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon