главная

Елімізде жекеменшік мектептер саны көбеймек

September 17, 2019

Елімізде мемлекет тарапынан ғана емес жекеменшік мектептер де салу жоспарланып отыр. Елді мекендерде мектеп ашу бюджет қаражатынан жүргізілсе, үлкен қалаларда инвесторлар қаржысына білім беру ұйымы салынады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.                                                                                                                                        «Бізде үш ауысымды 128 мектеп бар. Биылдың өзінде жаңадан мектептер ашылды. Сол сияқты 150-ден астам оқу орнының құрылысы жүріп жатыр. Енді алдымызда мемлекет тарапынан ғана емес жекеменшік мектептерді де салу жоспарланып отыр. Елді мекендерде мектеп ашу бюджет қаражатынан жүргізілсе, үлкен қалаларда жекеменшік мектептерді дамыту қажет. Жоспарымызға сәйкес 2019 жылдың соңына дейін Қазақстан бойынша 50 жекеменшік мектеп іске қосылады», – деді Асхат Аймағамбет. Ол сөз арасында балабақшалар мәселесі жекеменшік-әріптестікті дамыту негізінде шешілгенін айтып өтті. Соның нәтижесінде Қазақстан бойынша бүлдіршіндерді балабақшамен қамтамасыз ету 95,2 пайызды құрайтынын жеткізді. «Жекеменшік мектептерді салып, бизнесті де неғұрлым көбірек тартсақ, бұл проблеманы тездетіп шешеміз», – деді Білім және ғылым министрі.

 



 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon