главная

Отбасы құндылықтары туралы қазақ тіліндегі әдебиет тапшы

September 17, 2019

 

Отбасы құндылықтарын дәріптеуге арналған қазақ тіліндегі әдебиет тапшы. И.А.Крылов атындағы кітапхана қорында өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бергі аралықта орыс тілді кітаптардың 30 шақтысы сақталса,  қазақ тіліндегі кітаптар саусақпен санарлық, дейді кітапхана қызметкерлері. 

      Бұл туралы олар кітапханада өткен  «Отбасы» күніне орай «Отбасым-бақыт мекенім» тақырыбында ақпараттық сағат барысында атап өтті.

   Отбасы құндылықтарын дәріптеуге байланысты қазақ тіліндегі әдебиет тапшы болғанымен,  кітапхана қорында сақталған классиктеріміз М.Әуезов, Б.Соқпақбаев, С.Мұратбеков, М.Мақатаев, М.Қабанбай, сондай-ақ Ш.Күмісбайұлының балаларға арналған шығармаларына сұраныс жоғары. Кітапхана оқырмандары сонымен қатар әлемдік әдебиет өкілдерінің де кітаптарына қызығушылық танытып,  үйге жаздырып оқуды дәстүрге айналдырған.

-Бұл кітапханамызда өтетін бір ғана шара емес. Кітапхана қызметкерлері отбасындағы тәрбие, ұлтымыздың салтына қатысты оқыту сағаттарын тұрақты өткізіп тұрады.  Оның барысында балаларды да, ата-аналарды да кітап оқуға баулу, отбасындағы қарым-қатынас, сыйластық пен қамқорлық сияқты ізгі қасиеттердің маңызы туралы кеңінен әңгімеленеді. Осы бағытта еліміз қайраткерлерінің, ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқып отыру дәстүрге айналған»,- дейді қалалық балалар кітапханасының қызметкері Гүлмира Есниязова. 

  Аталған шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары, сондай-ақ қаладағы №69,81,93 мектептерінің оқушылары мен ата-аналары арнайы шақырылып, отбасы құндылықтарының маңызы туралы пікір алмасқан ерекше кездесу болды.     

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon