главная

БОЛАШАҚТЫҢ КІЛТІ — БІЛІМДЕ

September 23, 2019

 

Алматыда Халықаралық QS WorldWide білім форумы өтті. Алқалы жиынға қатысқан ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаев форумға қатысушыларды маңызды шараның өтуімен құттықтап, Премьер-министр Асқар Маминнің құттықтау хатын оқып берді.

 

«Еліміз бәсекеге қабілеттілікті арттыру міндетін шешуде. Бүгін форумға қатысушылар болашақта білім, ғылым және рухани құндылықтар аясында университеттерді дамыту перспективаларын талқылайтын болады»  делінген хатта.


Б.Сапарбаев форумның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтуінің өзіндік символикалық мәні бар екенін де ерекше атап өтті.


— Келер жылы Қазақстан екі ағартушы — әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойларын атап өтеді. Бүгінгі конференцияны осынау ұлы ғұламалардың мерейтойлары қарсаңындағы маңызды шаралардың бірі деп атауға әбден болады, — деді ол.


Айта кетерлігі, форумға қатысушылар есімі университетке берілген ұлы ойшылдың мәдени мұрасына арналған әл-Фарабидің музейінде болды. Музейге құнды материалдар мен әлем музейлері мен кітапханаларындағы түпнұсқа экспонаттарының көшірмелері және заманауи Қазақстанның әлеуметтік-мәдени модернизациясы, рухани және ғылым-білім саласын дамыту, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда еліміздің мәдени мұрасын сақтау және тиімді қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды құжатты материалдар қойылған.

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon