главная

«Жас сарбаз» қозғалысының тәрбиеленушілерінің арасында жүгіруден жарыс өтті

October 9, 2019

Нұр-Сұлтан қаласы Триатлон паркінде «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында 4 және 8 шақырымға жүгіруден жарыс өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты

 

Жарыс Жастар жылы аясында  «Астана жастары» ресурстық орталығы және Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері департаментінің қолдауымен  ұйымдастырылды.   

 

Жарыс екі қашықтықта:  4 және 8 шақырымға жүгіруден  өткізілді. Үздік көрсеткіш көрсеткен «Жас сарбаз» тәрбиеленушілеріне бағалы сыйлықтар: қолсағаттар, повер банк – мобильдік аккумуляторлар берілді. Жарысқа  400-ден астам оқушы қатысты.

 

«Осындай іс-шаралар өсіп келе жатқан жас ұрпақты шынықтырып, денсаулықтарын нығайтып, төзімділігін арттырып, жастарымызды –  еліміздің патриоттарын шыңдай түсуге көп көмегі тиеді. Қазіргі 21-ғасырдағы гаджеттерге тәуелді болып үйден шықпайтын оқушыларды да ширатуға пайдасы мол», – дейді республикалық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының жетекшісі Асхат Налшыбек.
 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon