главная

Астаналық саябақта жаңа «Kunshyaq» инклюзивтік алаңы ашылды

October 9, 2019

Астаналық саябақта жаңа «Kunshyaq» инклюзивтік алаңы ашылды. Бұл қалалық және Есіл аудандық әкімдігі, АҚШ елшілігі мен «Ротари-клуб Астана» қоғамдық бірлестігінің арқасында пайда болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Нұр-Сұлтандағы екінші инклюзивтік алаң балалардың физикалық, менталдық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесуге бағытталған. Алаңның ашылуына елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Есіл ауданының әкімі Берік Жәкенов, «Ротари-клуб Астана» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы елшісі Уильям Мозер қатысты.


«Инклюзивті ойын алаңын ашу қоғам мен мемлекеттің ерекше қажеттілігі бар балаларға қадам жасауының көрінісі. Елорданың барлық тұрғындарына арналған сый және ерекше балаларды әлеуметтік бейімдеу мәселесіне назар аудару болып табылады», - деді астана әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен.


Алаңда ойын мен оқытуға арналған барлығы 15 снаряд ортанылған. Барлық әткеншектер мен кешендер арбамен шыға алатындай етіп құрастырылған. Сондай-ақ алаңның барлық аумағына арнайы қауіпсіздік қабаты төселген, ол балалар құлап қалған жағдайда жарақат алудан сақтайды.
 

 

 

 

 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon