главная

Өскеменде IT саладағы үздік идея авторларын біріктірген форум өтті

Өскеменде ақпараттық технология саласындағы ең үздік идея авторларының басын біріктірген форум өтті, деп хабарлайды 24.kz. Аталған жиын барысында жыл бойы түрлі көрмелерде ел назарына іліккен ерекше жобалар таныстырылды. Олардың арасынан табиғи апат кезінде немесе үй шаруасында қолдануға болатын ақылды техниканың түр-түрін кездестіруге болады.

 

9-сыныптың оқушысы Руслан Тоқаев су басу қаупінің алдын алу үшін қолданылатын құрал ойлап тапты. Жоба құны 120 мың теңге. Өлкеде су қоймалары көп болғандықтан, ол бұл идеясының жерде қалмасын іші сезеді. Соңғы өткен көрмелердің бірінде облыс басшылығының да назарын аударып, үздік ондықтар қатарына іліккен. 


Руслан Тоқаев, 9-сынып оқушысы:

- Бұл құрылғы жыл мезгілін таңдамайды.Кез-келген су қоймасында орналастырып қоюға болады.Осылайша су тасқыны қаупі төнген жағдайда лезде ақпарат жеткізеді.

 

Ал Данияр Рахымбердин аэроинженерия саласын дамытуға мән беріпті. Құрастырған жолаушылар ұшағының үлгісі шет елдіктерді де тәнті етіп, Англиядағы ірі әуетасымалдаушылар конкурсына жолдама ұтып алды. Ол ұсынған ұшақта электр жүйесі мен турбожелдеткіш бір-біріне тәуелсіз, дара жұмыс жасайды. 

 

Семейден келген Әлішер Мәулетов теңге алу ойынының компьютерлік үлгісін таныстырды. 3 тілде өтетін ойын 10 кезеңнен тұрады. Өнертапқыштың бұл идеясы жазда стартап-жоба ретінде 1 милллион теңге грант ұтып алды. Ендігі  жоспар - ойынды ұялы телефонға жүктеу. Осы арқылы қазақтың ұлттық спорт ойындарын өзге елге насихаттауды мақсат етіп отыр. 

 

Шынар Баяхметова, жоба жетекшісі:

- Өзге ұлттың балалары теңгенің не кенін,киіз үйдің не кенін,қазақтың даласы,ұлттық музыкасы,күй өнері  қандай екенін ойнай отырып көре алады. 
 

Ұстаздардың бағалауынша, жастардың ақпараттық технология жетістіктерін игерудегі қадамдары қуанарлықтай. Олар тың идеялар мен ерекше шешімдер ұсынуға ұмтылады. Сондықтан форумдағы жобалар бірінен бірі асып түседі. 

 

Наталья Денисова, қазылар алқасының мүшесі:

- Бұл  жиында 11 жұмыс тіркеуден өтті. 16-29 жас аралығындағы өнертапқыштар қатысып жатыр. Яғни тек оқушылар ғана емес студенттер де өз мүмкіндіктерін көрсете алады. Осындағы бастамаларға қарап біздің өлкенің ақпараттық технология саласындағы болашағы зор деуге негіз бар.

 

Енді бұл жастар өзге өңірдегі замандастарымен бірге  Нұр Сұлтан қаласындағы республикалық  форумға қатысады. Ол жерде үздік танылғандар 1 миллион,700 мың және 500 мыңдық грантқа ие болады. 
 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon