главная

Атыраудың мектептерінде психологиялық көмек кабинеттері ашылды

October 29, 2019

Атыраудағы орта білім ордаларында психологиялық кеңес беру кабинеттері ашыла бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Әзірге 6 мектепте жұмысын бастаған орталықтар мектеп оқушыларымен қатар ересектерге де кеңес береді. Мектеп маңындағы мөлтек аудандардың тұрғындары да осындағы психолог мамандардың көмегіне жүгіне алады. Қабылдауға тікелей қабылдаудан бөлек сенім телефоны арқылы да дағдарыстан қалай шығу жөнінде ақыл-кеңес алуға болады. Психологтар күніне 40 адамға дейін қызмет көрсетуге дайын.  


Аңсағаным Құспанова, психолог:

- Жасөспірімдік кезеңде баланың депрессияға түсу барысында біз психологиялық тұрғыдан көмек ұсынамыз. Ол жерде баланың жас ерекшелігін есепке ала отырып, баламен психологиялық жұмыстар атқарамыз. Оның көмегі өте көп бала үшін, жалпы ата-ана үшін де мәселелерін шешіп алуға және өздерінің арадағы қарым-қатынастарын дұрыстауға осы біздің орталық көмегін тигізеді.

 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon