главная

Семейде домбырашы робот Абайдың күйін орындады

November 8, 2019

Семейдегі Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы Бақытбек Орынбаев шәкірттерімен бірігіп домбырада күй тартатын роботты құрастырды.


Өнертапқыштар бұл еңбектерін Хәкім Абайдың 175 жылдығына арнап отыр. Күйші құлтемірді құрастыруға 2 айдай уақыт кеткен. Жаңа құрылғының ерекшелігі домбырадағы барлық пернені еркін басып, ішекті қалауынша қаға алады. Робот қазірдің өзінде Абайдың «Торыжорға» күйі мен халық әні «Еркем-айды» сәтті орындапты. Еске салсақ, Бақытбек Нұрлыбекұлы бұған дейін басқа шәкіртімен бірлесіп осындай құлтемірге қара жорға биін билеткен еді. 

 

Мирас Мұратханов, 10-сынып оқушысы: 

- Бұл жобаны біз Абайдың 175 жылдығына орай жасап жатырмыз. Сондықтан біз оған бірінші ойнатқан күйіміз «Торыжорға» күйі болып табылады. Қазіргі кезде ол тек 5 күй орындап жатса да біз болашақта одан да көп күйлер орындатуға тырысамыз. Кез келген күйді ол берілген ноталардан оңай тарта алады. Ал бұрын болған робот ол тек бір күйді ойнай алды. Біздің артықшылығымыз да ерекшелігіміз де сол деп ойлаймыз.

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon