главная

Әзербайжан кітапханасы қазақ ақын-жазушыларының еңбегімен толықты

November 13, 2019

Әзербайжандағы ең ірі кітапхананың қоры қазақ ақын-жазушыларының заманауи 60 жинағымен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».
 

Әзербайжан ғылым академиясының орталық ғылыми кітапханасына бұл басылымдарды Қазақстан елшілігі сыйға тартқан. Осыған дейін кітапхана қорында 19-20 ғасырдағы қазақ жазушыларының жинақтары болған еді. Енді сөрелерде заманауи қазақ әдебиеті туындылары да пайда болды. Бұл кітаптар оқырмандарды Қазақстан халқының мәдениеті, салт-дәстүр мен ұлттық құндылықтарымен таныстырады. Соңғы жылдары Абай Құнанбайұлының, Немат Келімбетовтың кітаптары, «Қобыланды батыр» жыры мен өзге де қазақ әдебитетінің көптеген үлгілері әзербайжан тіліне аударылған. Орталық ғылыми кітапханада қазақстандық басылымдар үшін арнайы бөлім ашылды. Оны жыл сайын жаңа туындылармен толықтыру көзделіп отыр.
 

Лейла Иманова, Әзербайжан орталық ғылыми кітапхананың директоры:

– Қазақстан кітапханаларымен ынтымақтастықты дамыту бойынша үлкен жоспарларымыз бар. Өйткені, Қазақстан – озық ақпараттых технологияларға ие ел. Технологиялардың осындай деңгейі кітапханаларды дамытуға да әсер етіп отыр. Электронды түрде ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін заманауи бағдарламаларымыз бар.
 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon