главная

СҚО-да интернет жылдамдығы төмен ауылдарда онлайн күнделік толтырылмайды

 

 

Солтүстік Қазақстан облысында интернет жылдамдығы төмен ауылдарда электрондық күнделік толтырылмайды. Себебі бүгінгі күні өңірдегі елді мекендердің тең жартысы әлі де сапалы интернетпен қамтамасыз етілмеген. Бірақ жергілікті билік 2022 жылға дейін олқылықтың орнын толтыруды жоспарлап отыр. 

 

- Міне осы жерде шығып, өзімнің точкам бар міне. Осы жерде сөйлесеміз. 

 

Бақытбек Барбанов облыс орталығынан 10 шақырамдай ғана жерде орналасқан Березовка елді мекенінің тұрғыны. Азамат интернет былай тұсын, ауылда ұялы телефонмен қоңырау шалып сөйлесудің өзі мұң екендігін айтады.

 

Бахытбек Барбанов, Березовка ауылының тұрғыны:

- Интернетті пайдаланғымыз келеді. Бала-шағамыз бар. Телефон, құдайға шүкір, қазір 21-ғасыр. Бірақ сол связь жағы қиын болып тұр. Өте қиын. Телефонмен жүгіріп жүреміз, қай жерде ұстаймыз деп. Күн болсын, түн болсын. Звондап қалады сол қиын болып тұр бізге. 

 

- Ребята, откройте пожалуйста дневники и запишите домашнее задание на следующую пятницу. 

 

Ауылда интернет жылдамдығы нашар болғанымен мектепте ол әлдеқайда жақсы. Бірақ тұрғындардың наразылығынан кейін, ұстаздар екінші тоқсаннан бастап электрондық күнделіктің орнына бұрынғыдай журналды пайдалана бастады. Себебі, ата-аналар балаларының сабақ үлгерімін бақылай алмай қалған. 

 

Көбеген Байдалин, мектеп директоры:

- Күнделікте біз түгелін көре аламыз., мектептің жағдайын. Мысалы баланың қатысуын, мұғалімдердің сабақты толтыруы. Мысалы мұғалім алады да бір жылға толтырып қояды, түгел планын толтырып қояды. Өзгерістер болса, кішкене өзгертеміз. А так күнделік былай қарасақ жақсы нәрсе. Енді халыққа кішкене қиынырақ болды күнделікке кіруге. Сондықтан көштік қайтадан, халық кіре алмаймын деген соң. 

 

Бүгінгі күні өңірде 519 елді мекен интернетке қосылған. Ал олардың тек 53 процентінің ғана жылдамдығы жоғары. Сондықтан, облыс әкімі интернет тартпайтын ауылдарда күнделік күйесін пайдалануға тиым салды. 

 

Құмар Ақсақалов, облыс әкімі:

- Интернеті жоқ ауылдар электрондық күнделік жүргізуден босатылсын. Себебі мұғалімдер кейде түнге дейін жұмыста отыруға мәжбүр. Тіпті осы шаруаны атқару үшін көрші ауылдарға баратындарын естідім.  

 

Қазіргі таңда облыста 25 мектеп электрондық күнделіктен бас тартты. Ал Ақжар, Мағжан Жұмабаев және Қызылжар аудандарында 11 білім ошағы бұл жүйеге мүлдем қосылмаған.

 

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon