главная

Президенттің мақаласы Абайтану ғылымын зерттеуге тың серпін бермек

January 9, 2020

Президенттің «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы Абайтану ғылымын зерттеуге тың серпін бермек. Жетісулық әдебиеттанушылар осындай пікірде. Өйткені, онда ұлы ақынның мол мұрасы дәріптеліп, маңыздылығы баяндалған. Сонымен қатар, 175 жылдық мерейтойға дайындық жұмыстары айтылып, үкіметке бірқатар жобаларды жүзеге асыру міндеттеліп отыр. Яғни ойшыл ғұламаның туындылары әлемдік деңгейде насихатталып, 10 тілге аударылу қажеттігі жазылған. Ал қара сөздері  бүкіл адамзат баласына ортақ қазына екені көрініс тапқан. Осы орайда ғалымдар елімізде Абайтану ғылыми-зерттеу институты құрылса деген ниетін білдірді.

 

Сайлау Қожағұлов, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының кандидаты:

- Әрбір оқу орынында Абайтану әртүрлі оқытылады. Әрқайсысының істеп жатқан ісі бөлек-бөлек. Бір орталыққа жинақталмаған. Егер Абайтану институтын құратын болсақ, барлық бағдарламалық оқу әдістемесі шығар еді де, Абайды сан салалы зерттеудің Абай мұхит десек біз шөміштеп алып жатырмыз. Сол зерттеудің жолдарын методологиясын сол институт басқарып жолдап отыратын еді.

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon