главная

Президенттік кадрлық резерв: Алтай Көлгінов жастарды жұмысқа шақырды

January 16, 2020

Елорда әкімі Алтай Көлгінов Президенттік кадрлық резервке енген жастармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Кездесу барысында қаланы дамытудың негізгі бағыттары, оның ішінде урбанистика, технологияларды коммерцияландыру, сондай-ақ «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын дамыту мәселелері талқыланды.

 

«Бүгін Қасым-Жомарт Кемелұлы резервке өткен мамандармен кездесу барысында мемлекеттік аппаратты одан әрі дамыту туралы бірқатар тапсырма жүктеді. Қазіргі – төртінші технологиялық революция заманында бізге жаңаша ойлайтын, прагматик мамандар қажет. Цифрландыру дәуірінде мемлекеттік қызметкер аталмыш қасиеттерге ие болуы тиіс. Мемлекеттік аппараттың негізгі міндеттерінің бірі «Халық үніне құлақ асатын мемлекет« тұжырымдамасын жүзеге асыру болып табылады. Біздің міндетіміз – халықпен кері байланысты нығайтып, азаматтардың өзекті сауалдарына жедел жауап беру. Президенттік кадрлық резерв – бұл меритократия қағидатына сәйкес келетін жастарға арналған әлеуметтік лифт. Жастарды қолдап, адами капиталды дамыту – басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. Сіздерді қалалық әкімдікке жұмысқа шақырамын. Білімді және креативті жастар үшін есігіміз әрқашан ашық. Сіздер бірнеше кезеңнен тұратын сапалы іріктеуден өттіңіздер. 13 мың үміткердің 300-і резервке енді», - деді қала әкімі Алтай Көлгінов.

 

Елорда басшысы жастарға еліміздің өркендеуі жолында адал еңбек етіп, өскелең ұрпаққа үлгі болуларын тіледі.

 

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен мәлім еткендей, Президенттік жастар кадрлық резервіне енген жастармен кездесулер алдағы уақытта да өтетін болады.

 

«Қанша маманның келетіні тағайындаулардан кейін жарияланатын болады», - деді ведомствоның баспасөз қызметінен.

 

Айта кетейік, Президенттік жастар кадрлық резерві Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес құрылды. Бүгін Президент кадрлық резервке өткен 300 жаспен кездесті.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon