главная

Елімізде оқушылар арасындағы ең үздік шахматшы анықталды

January 21, 2020

 

Оқушылар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының чемпионаты шегіне жетті. Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметі хабарлайды.

 

Чемпионат Алматы қаласында үш тәртіп – классика, рапид (жылдам шахмат) және блиц бойынша ұйымдастырылды. Ой жарысына 7 жас санаты бойынша 872 (ұлдар мен қыздар) бала қатысты.

 

«Алматы қаласындағы Шатрандж шахмат мектебінің оқушысы Әлішер Әбдісаттарды ерекше атап өткіміз келеді. Ол классика мен рапидте алтын медаль иеленсе, блицте екінші орын алды. Жеті жаста болғанына қарамастан, ол Әлем және Азия чемпионаттарында жасындай жарқылдап, болашағынан зор үміт күттіріп отыр. Қазақстан чемпионатында Әлішер жүлде қорын толықтыра түсті. Сонымен бірге, ол 2020 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алды», - делінген Шахмат федерациясының хабарламасында.

 

Классика бойынша 18 жасқа дейінгі балалар санатында алғашқы орындарды Рамазан Жалмаханов пен қызылордалық Әсел Серікбай иеленді. Сонымен бірге, Қазыбек Нөгербек пен Ксения Балабаева 16 жасқа дейінгі шахматшылар арасында турнирдің абсолютті чемпионы атанды.

 

14 жасқа дейінгілер арасында Алдияр Аңсат пен Алуа Нұрманова топ жарды. 12 жасқа дейінгілердің арасында Алдияр Аңсат пен Зарина Нұрғалиева алдына жан салмады. 10 жасқа дейінгі балалар ішінде Эдгар Мамедов пен Елназ Қалиахмет, 8 жасқа дейінгілер арасында Әлішер Әбдісаттар, Ханзада Аманжол алғашқы орындардан көрінді. 6 жасқа дейінгі спортшылар арасында Эльсид Эльмурзиев пен Жансая Шолпанбек алтын медаль иеленді.

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

Образование в Казахстане Журнал "Современное образование» Новости Образование Вузы wwww.obrazovanie.kz

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon