главная

Бірлескен жоба

January 31, 2020

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Сауд Королі атындағы университет (Сауд Арабиясы) ынтымақтастық туралы келісімге қол қояды. Бұл шешім ҚазҰУ басшылығының Сауд Арабиясының ғылым және инновация министрінің орынбасары Nasser Muhammed Al-Aqeeli мырзаның бастауымен келген Сауд Арабиясының делегациясымен кездесуі кезінде қабылданды.

 

ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов қонақтарды қарсы алып, экономика, ғылым және білім саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ықпал ететін екі елдің достық қарым-қатынасын атап өтті. «Жаһандану дәуірінде жаңа технологиялар мемлекет пен қоғамның даму үдерісінің жылдам өркендеуіне ықпал етеді. Сондықтан ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастық қоғам үшін әрқашан маңызды. Ғылым мен технологиядағы жаңа бағыттардың жаңа беттерін аша отырып, университеттер бірлесіп үлкен нәтижелерге қол жеткізе алады», – деп атап өтті ҚазҰУ ректоры.

 

Өз кезегінде Сауд Арабиясының делегациясы ҚазҰУ-дың ислам әлеміндегі ең үздік жоғары оқу орны болып табылатындығын атап өтіп, оның маңыздылығы мен белсенділігін тілге тиек етті.

 

Сондай-ақ мәртебелі қонақтар БҰҰ Өркениеттер альянсымен бірге «Университет 4.0» моделі аясында жүзеге асырылатын Жібек жолы университеттері Альянсының суперкомпьютеріне және халықаралық ІТ-технопаркіне қызығушылық танытты.

 

Айта кету керектігі, IT-технопаркі мен «Silicon Valley» моделі бойынша құрылған суперкомпьютерлік және бұлтты есептеулер орталығы ҚазҰУ-дың «Жоғары технологиялар аймағында» орналастырылатын болады.

 

Кездесу барысында екі жақ ортақ мүдделерді ескере отырып, ынтымақтастық бағытын егжей-тегжейлі талқылау үшін екі Университеттің жұмыс тобын құру туралы шешімге келді. Сауд Арабиясының өкілі атап өткендей, бұл құжат ЖОО арасындағы коллаборация үдерісін жеделде түседі.  

Тараптар сондай-ақ ІТ, химия, физика, биология және нанотехнология саласындағы бірлескен ғылыми-инновациялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендіктерін білдірді.

 

Ақпарат көзі: kaznu.kz

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon