главная

Павлодар облысында ұстаздарға 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем беру ұсынылды

February 14, 2020

 

Павлодарда Естай атындағы мәдениет сарайында тұрғындардың алдында есеп беру барысында облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов педагогтарды қолдаудың тың жолын ұсынды, деп хабарлады pavlodarnews.kz.

 

«Павлодар облысындағы ұстаздар мен оқушылардың биік жетістіктері бұрыннан белгілі. Мен білім саласының аймақта қалыптасқан деңгейін сақтап, одан әрі жоғарылатуды жөн көремін. Осы орайда біз оқу орындарының материалдық-техникалық базасын жақсартып, жаңа мектептер ашып, ұстаздардың біліктіліктерін арттыру мақсатында саланы кешенді дамытуды жалғастырамыз», - деп атап өтті аймақ басшысы.

 

Әбілқайыр Сқақов педагог мәртебесін үнемі өсіру қажет екеніне тоқталып өтті.

 

«Мұғалімдер балаларымыздың жанында ата-аналардан да көп уақыт өткізеді. Сондықтан ұстаздарды ынталандыру қажет. Ал мұғалімдер болса, қызметтік мәселелермен қатар, тұрмыс және баспана мәселелерін шешуге мәжбүр. Осыған орай аймағымыздың педагогтарына «Павлодар облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін» төс белгілерін тағайындауды қажет деп санаймын. Олардың иегерлеріне 1000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы төлем беруді қарастырамыз. Педагог біздің балаларға білім беріп қана қоймай, олардың дүниетанымын қалыптастыруға және өмір жолын таңдауға ықпал етеді. Сондықтан мұғалімдерге қолдау көрсетуге міндеттіміз», - деді облыс әкімі.

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon