главная

Өзбек студенттері еліне жаппай қайтып жатыр

 

Өзбек студенттері Қазақстаннан елдеріне жаппай қайтып жатыр. Себебі көрші ағайын азаматтарына өзбекстандық университеттерге түсудің оңай амалы ұсынылған екен. Ташкенттегі тілшіміз Жасын Біркенов айыр қалпақтыларға қазақстандық жоғарғы оқу орындары несімен жақпағанын анықтап қайтты.

 

«Өзбекстан билігі студенттерін Қазақстаннан қайтарып жатыр» деп, кеше кейбір журналистер жарыса жазып, арзан сенсация қуған секілді. Қайта айырқалпақтылар жырақта оқып жүрген жерлестеріне елге оралып, университетке емтихан тапсырмай түсуге мүмкіндік жасап отыр. 


Фархад Бабашев, білім министрлігінің ақпараттық қызметінің жетекшісі:

- Оларға мүмкіндік беріп отырмыз. Өзбекстанда олардың қалауы бойынша оқуды жалғастыруға. СМИ-де шығып жатқан Өзбекстан студенттерін шақырып алып жатыр деген рас емес. Бұл мәжбүрлік емес. Бұл ықтияр. Қазақстанда, Қырғызстанда, басқа да елде оқуды жалғастырулары да мүмкін.

 

Асадбек Оринбаев, студент:

 - Алуға барған адам көп. Слишком көп. Таңғы 3 бардық. 39-40-шы болып кезекке жазылдық. Азанда көбейіп кетті. 300-400 адам болып кетті.

 

Өзбек елін елең еткізген елеулі жаңалықты естіген Асадбек Оринбаев бөркін аспанға атып еді, «әттеген-айы» болмаса. Шымкентте оқып жүрген университеттен құжаттарын алуға қуанып барған студент жылап қайтты. Қазақстандық білім ошағы бауырлас елдің азаматын жіберуге құлықсыз.

 

Асадбек Оринбаев, студент:

- Өзбекстанға ауысып жатқан себебім – өзім Қарақалпақстан Республикасынан боламын. Маған Шымкентке келіп, заграницей оқу қиын болып жатыр. Ақша жағынан да. Өзбекстан өз үйім. Университет те жақын. Шетке шығып, проблема болмайды.   

 

Бүгінде өмірін жаңа арнаға бұруға 5 мыңнан астам студент білек түріп, дайын отыр. Алайда тиісті министрлік жол дорбасын асынып, университет ауыстыруға қамданып жүргендерді күндізгі бөлімде орын жоқ екенін ескертеді. Көрші елге оралғандар оқуын кешке жалғастырады. Ал құжаттарды қабылдау наурыздың 15-і аяқталады. 

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon