главная

Елімізде қағаз сынақ кітапшалары қолданыстан алынды

February 17, 2020

 

 

Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған қағаз сынақ кітапшалары алынып тасталды. Бұл туралы ҚазАқпарат БҒМ сілтеме жасап хабарлайды.

 

«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен студенттердің, магистранттар мен докторанттардың сынақ кітапшаларын алып тастау бойынша бұйрық әзірленді. Бұл оқу үрдісін жеңілдетіп, бюрократияны айтарлықтай төмендетеді. Бүгінгі таңда еліміздің жоғары оқу орындарының ақпараттық жүйесінде, кейін транскриптте белгіленетін, студенттердің, магистранттар мен докторанттардың оқу жетістіктерінің тарихи деректері жүргізіледі. Транскрипт студенттің сұранысы бойынша оқудың кез келген кезеңінде беріледі. Бұл жаңалық 604 345 студент, 35 690 магистрант және 6 363 докторантқа қатысты», – делінген министрлік хабарламасында.

 

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon