главная

Оқушылар олимпиадасын өткізу кезінде өрескел бұзушылықтар анықталды

February 18, 2020

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Түркістан облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылар арасындағы республикалық олимпиаданың облыстық турын өткізу барысында Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасында жоспардан тыс тексеру жүргізді.

 

Республикалық олимпиаданың облыстық туры осы жылдың 5-6 қаңтарында өткенін естеріңізге саламыз.

 

«Жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша бірқатар өрескел бұзушылықтар анықталды. Облыстық пәндік олимпиаданың қазылар алқасы тарапынан объективті емес шешім шығару фактілері, жүлделі орындардың әділетсіз берілуі анықталды, атап айтсақ төмен балл жинаған қатысушылар жүлделі орындарға ие болып, жоғары балл алған қатысушылар жүлделі орынсыз қалған», - деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 

Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындарға конкурстың бірінші турынан өтпеген қатысушылар ие болған. Сонымен қатар ұйымдастыру комитетімен олимпиаданы өткізу ережелерінің талаптары бұзылған. Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін ұйымдастыру және өткізуге Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, сондай-ақ аудандық және қалалық білім бөлімдері жауапты болғандығын айта кеткен жөн.

 

Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хаттар жіберілді.

 

ҚР БҒМ барлық деңгейдегі конкурстар мен олимпиадалардың ашықтығын әрі объективтілігін қамтамасыз етуді көздеп отыр. Олимпиада өткізу үрдісінің ашықтығын барынша қамтамасыз ету мақсатында барлық ақылы олимпиадалар алынып тасталып, министрліктің нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізілуде. Олимпиадаларды толықтай цифрландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

Образование в Казахстане Журнал "Современное образование» Новости Образование Вузы wwww.obrazovanie.kz

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon