главная

Семейде роботты техникадан чемпионат өтті

February 18, 2020

 

Семейде жасанды интеллект бойынша спорттық роботты техникадан чемпионат өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Жастар мен балалардың шығармашылық орталығында оқушылар өздері  ойлап тапқан өнертабыстарын паш етті. Байқау төрт аталымнан тұрады. Қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай бөлінген. Ойын шартына сәйкес, оқушылар сумо түрінен сайысқа түсті. Сонымен қатар  кедергілерді құлатып мәре сызығына бірінші болып жетулері тиіс. Бір қарағанда қарапайым болып көрінетін тапсырма киборгтардың көпшілігін тығырыққа тіреді. Бұл байқау мектеп оқушыларының шығармашылық әрі зияткерлік қабілеттерін дамытады. Чемпионат «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылды.

 

Мадияр Мұратханұлы, оқушы:

– Мен бұл роботты өз сыныбыммен бірге құрадым. Біз осы турнирге жеңу үшін келдік. Кішкентай кезімнен бастап конструкторларды құрауды бастадым.

 

Әсем Жұмабаева, қалалық білім бөлімінің әдіскері:

– Чемпионаттың мақсаты - дарынды оқушыларды анықтау. Роботты техника жобаларын ұсынып жатыр. 66 орта мектеп және ауыл-аймақтан оқушылар қатысады. Жарыс жеңімпаздары облыстық чемпионаттарға қатысады.
 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon