главная

«Болашақ» бағдарламасымен Қытайда оқып жатқан студенттердің мәселесі шешілді

March 2, 2020

Білім және ғылым министрлігі «Болашақ» бағдарламасы бойынша Қытайда оқып жатқан студенттердің мәселесін шешті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Коронавирусқа байланысты елде жүрген «Болашақ» халықаралық бағдарламасының студенттеріне оқу елінің бекітілген нормативі бойынша жүріп-тұруға және тамақтануға арналған ай сайынғы сома төлене береді. ҚР Білім және ғылым министрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Еркебұлан Боранбаев осылай деп мәлімдеді.

 

Оның айтуынша, өткен аптада студенттерге көмек көрсету үшін тиісті бұйрыққа өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы шешім қабылданған.

 

Шешім қабылданғаннан кейін Еркебұлан Боранбаев Қытайда білім алып жатқан халықаралық «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен кездесіп, ережелер студенттердің пайдасына қарай өзгергенін түсіндірді.

 

«Шынымен де, қазір коронавирус қаупінен Қытайдан Қазақстанға келген жеті студент бар. Біз олармен тұрақты байланыстамыз, бірнеше кездесу өткіздік және министрдің бұйрығына өзгеріс енгізілетінін түсіндірдік. ЖОО-дан оқу процесін бастау немесе жалғастыру туралы ресми хабарлама алғаннан кейін оқу еліне қайтатын авиабилеттерді сатып алу жоспарланып отыр. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда стипендия толық көлемде төленеді деген шешім бір апта бұрын қабылданды», - деді Еркебұлан Боранбаев.

 

Дүлей апаттар, әскери әрекеттер, шектемелер, эпидемия және басқа да төтенше оқиғалар еңсерілмейтін жағдай болып саналатынын айта кеткен жөн.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon