главная

Министр мұғалімдердің жалақысын кешіктіргендерді жауапкершілікке тартуды тапсырды

March 2, 2020

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің жалақысын кешіктіргендерді тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды. Бұл туралы министрліктің аппараттық кеңесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Министрдің айтуынша, кей өңірлерде педагогтер өз жалақыларын толық әрі уақытылы ала алмай отыр. Осыған орай, ведомства басшысының тапсырмасына сәйкес, апта соңына дейін барлық аймақтарда қызметтік тексеріс жүргізіліп, тиісті шаралар қолданылады.

 

«Жалақы төлеуде не себепті кешіктірулер тіркеліп жатыр? Министрліктің комитеттері әр өңірде тексеріс жүргізуі тиіс. Мән-жайды анықтап, жауаптыларды тәртіптік жауапкершілікке тарту керек. Мәселені бақылауда ұстаңыз», – деді Асхат Аймағамбетов вице-министр Бибігүл Асыловаға қарата айтқан сөзінде.

 

Айта кетсек, жалақыны есептейтін онлайн-калькулятор іске қосылғалы бір ай ішінде мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің өкілдері шамамен 1 500 000 рет жалақыларын өздігінен есептеп, тиісті қаражатын анықтаған.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon