главная

Таразда I Халықаралық педагогикалық оқулар өтті

March 3, 2020

 

Іс-шара 300-ге тарта оқушылар мен студенттердің басын қосты,деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Қатысушылар түрлі аталымды қамтыған 20 сайыста бақ сынады. Мәселен, «Мамандығым мақтанышым» тақырыбына эссе және «Ұстаз ұлылығы» аталымына үздік хабарландыру түріндегі жарнама немесе үнқағаз дайындау шарты қойылған. Кең ауқымды сайыста «Әл Фараби ұлылығы» және «Абай бейнесі мені шабыттандырады» атты бөлімі қатысушылардың қызығушылығын тудырды. Олар ғұлама ғалым пен ұлы ақынның өмірі туралы ғылыми еңбектер дайындаған. Зерттеу жұмыстарымен шектелмей, Абай мен Әл Фарабидің портретін жасады. Байқауға қатысушылардың жұмыстарының басым бөлігі қашықтықтан бағаланды. Үздік шыққандар естелік сыйлықтармен марапатталды. Форумға Ресей мен Түркиядан ғалымдар мен сарапшылар арнайы шақырылған. Олар қазақстандық әріптестерімен бірге жоғары, орта және мектепке дейінгі білім берудегі ынтымақтастық тетіктерін талқыға салды.

 

Ержан Әмірбекұлы, Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры:

– Жасырын емес, мектептегі жаңартылған білім беру мазмұны кейбір жағдайда алға шығып кетті. Ал жоғары оқу орындары тарапынан осы жағдайда қандай мәселелер қолға алынып жатыр? Біз қазіргі заман талаптарына сай болатын мамандар даярлап шығарып жатырмыз ба, ал оны даярлаудағы қандай жаңа тетіктер бар. Бүгінгі таңда мамандар тарапынан ғылыми жұмыстарды жүргізу тетіктері туралы әдістемелік жұмыстар туралы көптеген ой-пікірлер бар. Бүгін біздің осы бағыттағы іс-шарамызда түйткілді мәселелерді шешу жолдары көрсетілді.
 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon