главная

Әл-Фарабидің мұраларын қазіргі білім беру жүйесіне енгізу керек

March 3, 2020

Ғұлама ойшыл, ғалым әл-Фарабидің математика саласындағы мұраларын зерттеп қана қоймай, оны қазіргі білім беру жүйесіне енгізу керек. Бұл туралы республикалық ғылыми семинарда айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

«Нақты ғылымды дамытуға жол салған «Математикалық трактаттар» әлі де құндылғын жойған жоқ», - дейді ғалымдар. Қазақстанда жоғары класты машиналар мен механизмдердің теориясының негізін қалаған Өмірбек Жолдасбеков – әл-Фарабидің тұжырымдарын зерттеп, оны ғылыммен ұштастырған бірден бір ғалым. Зерттеушінің еңбектерін дамыту негізінде көтергіші бар шағын роботтар, экзоскелеттер, инновациялық элеваторлар жасалды. Бұл жобалар еліміздің энергетика, медицина, отын өнеркәсібінде жоғары сұраныста.

 

Амандық Төлешов, Ө.Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының директоры:

- Өте қарапайым манипуляторлар жасап жатырмыз. Манипуляторлардың жүргізгіштерінің барлығы қозғалатын буындарда тұрмайды, массасы азаяды да, дәлдігі қатаңдығы күшейеді. Сондықтан роботтар басқару жағынан, қай жағынан болсын, қарапайым. Солардың барлығын медициналық робот жасағанға, экзескелет жасағанға тағы басқаға пайдаланып, үлкен бағдарлама, жобалар жасап, істеп жатырмыз. Жолдасбековтың кезінде жасап құрып кеткен үлкен теориясы, қазір өзінің қолданысын табуда ғылымда және практикада.
 

Please reload

© 1999-2019  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon