главная

Алматы мектеп оқушылары арасында волейболдан қалалық турнир өтті

 

Қазақстандағы Еріктілер жылы аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Студенттік ректоратының бастамасымен 2020 жылдың 29 ақпанында Алматы қаласының мектеп оқушылары арасында волейболдан қалалық турнир өткізді. Ректор Кубогына арналған «ABAI UNIVERSITY CUP» волейболдан қалалық турниріне сегіз ауданнан 250 оқушыдан құралған 18 команда қатысты.

 

Іс-шараның мақсаты - жас волейбол әуесқойларының біліктілігін арттыруға деген қызығушылығын қолдау, бұқаралық спортты дамыту.

 

Турнирдің салтанатты ашылуында университет ректоры Такир Балықбаев Мемлекет басшысының «Спорт - денсаулықтың басты кепілі» деген сөзін еске сала отырып, ол өскелең ұрпақ арасында белсенді және салауатты өмір салтының маңыздылығын атап өтіп, қатысушыларға табыс пен жаңа жеңістер тіледі.

 

Іс-шараның құрметті қонағы, белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов кез-келген жастағы адам денсаулығын қадағалап, спортпен шұғылдануы керек екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл күнделікті өмірде: жұмыста және оқуда өте көмектеседі.

Турнир олимпиадалық жүйе бойынша қыздар арасында өтті. Тартысты күресте №154 және 176 мектептер жеңімпаз атанды. Жарыс қорытындысы мен әлеуметтік желілердегі дауыстарды санау бойынша №26 мектептің оқушысы Ләйля Ибраимкулова «Үздік пост» номинациясын жеңіп алды. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша №165 мектептің оқушысы Таңшолпан Асат жеңімпаз атанды. Ал «Үздік қорғаушы» атағына №26 мектептің оқушысы Карина Ғабдуллаева ие болды. «Үздік үйлестіруші» деп № 176 мектеп оқушысы Нұршапағат Біржан танылды.

 

Жарысқа қатысушы мектептер арасында үшінші орынды №26 мектеп, екінші орынды №154 мектеп иеленді. Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының кубогы мен бірінші орынды №176 мектептің қыздар құрамасы жеңіп алды.

 

Турнир нәтижесі бойынша қатысушыларға арнайы дипломдар мен бағалы сыйлықтар, сондай-ақ жүлделі кубоктар мен медальдар табыс етілді.

 

 

 

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon