главная

Е.Біртанов оқу орындарының қашықтан оқытуға көшетіні туралы ақпаратқа түсінік берді

March 5, 2020

 

Қазақстанда коронавирусқа байланысты оқу орындары қашықтан оқытуға көшетіні туралы ақпараттар тарап жатыр. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ОКҚ брифингінде осыған байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

«Мемлекеттегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен арнайы алгоритм бекіттік. Егер елде коронавирус табылып, ары қарай тарап кетсе, қандай шаралар енгізілетіні туралы Б жоспары құрылды. Соның аясында осындай (қашықтан оқыту) шектеу шараларын енгізуге мүмкіндік бар. Бірақ дәл қазіргі күнде мектептерді, оқу орындарын жабу туралы шаралар енгізіліп жатқан жоқ», - деді Е.Біртанов.

 

Дегенмен бұрыннан жоспарланған көптеген концерттер, келе жатқан мейрамдарға арналған жиналыстар, халықаралық конференцияларды өткізуге шектеу қойылып жатқанын айтып өтті.

 

«Себебі ондай іс-шараларға көптеген адам жиналады. Одан кейін бір-екі күннің ішінде науқастардың табылмауына ешкім кепілдік бермейді ғой. Сондықтар алдын-ала шектеу қойған дұрыс», - деді министр. 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon