главная

Елімізде ғылымның әскери бағытын зерттеуші әйелдер үлесі 10 пайыздан аспайды

March 9, 2020

 

Елімізде ғылымның әскери бағытын зерттеумен айналысатын қыз-келіншектердің үлесі 10 пайыздан аспайды. Қызығына қарағанда қиындығы көп бұл саланы таңдағандардың бірі Назгүл Ысқақова. Ол қазір ұлттық қорғаныс университетінде аға ғылыми қызметкер болып қызмет атқарады.

 

Елордадағы Ұлттық қорғаныс университетінде Әскери ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Оның басты мақсаты – әскери ғылымды үш бағыт бойынша дамыту. Олар – әскери тарих, әскери өнер және әскери техника мен қару-жарақ.  

 

Назгүл Ысқақова, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ҰҚУ аға ғылыми қызметкері: - Әскери ғылым жалпы ғылыммен салыстырғанда өте жас. Тәуелсіздік алғаннан кейін бірден әскери ғылым қалыптасқан жоқ. Ким Серікбайұлы ағамыз Мәскеуде қорғаған, марқұм Пернехан Әшімбайұлы техника ғылымдарының кандидаты, Абай Бөлекбайұлы тарих ғылымдарының кандидаты. Сондай санаулы ғана адамдар бар еді. 

 

15 жылдан астам еңбек өтілі бар Назгүл Ысқақова бұл ғалымдардың жолын жалғасам дейді. Ол үш бағыттың әскери тарих деп аталатын бағытын таңдапты. 4 жыл бойы зерттеген кандидаттық диссертациясының тақырыбы: қазақ әскери терминологиясы. Ескеретін жайт, елімізде бұл мәселеге тарихи талдау алғаш рет жасалыпты. 

 

Назгүл Ысқақова, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ҰҚУ аға ғылыми қызметкері:

- Бұл істе тарихшылармен қатар тіл мамандары, тарихшылар және сол әскери ғылым бағытының маманы – үшеуі бірігіп, ғылыми негіздеп шығарған ғана туынды ұтымды болды. Егер айтылған қандай да бір маман терминді қалыптастыру ісіне араласпаса, онда ол термин әлсіз болып шығады. 

 

Талғат Құлманов, ҚР Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы ҰҚУ магистранты:

- Қазіргі таңда магистранттардың ғылыми жұмыс жасау кезіндегі қазақша терминологияның ролі жоғары. Ол кісінің қазақша аударған терминдерінің арқасында көптеген мақалалар, магистрлік диссертациялардың арқасында материалдар көп жинақталуда. 

 

Назгүлдің алғашқы мамандығы аудармашы болса, кейінгісі әскери тарихшы. Қазір осы екі саланы біріктіріп, өзінің зерттеу жұмыстарында сәтті қолданып жүр. Айтпақшы, оның жолдасы да әскери ғалым. Екеуі бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отыр.
 

Ақпарат көзі: 24.kz

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon