главная

Қашықтан оқыту: 200 онлайн сабақ дайын

March 26, 2020

Оқушыларды теледидар арқылы қашықтан оқыту үшін 200 онлайн сабақ әзірленіп қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

 

Жоспар бойынша тағы 1800 онлайн жоба түсіріледі. Осы мақсатта әлемдік тәжірибе зерделеніп, ортақ концепция қабылданды. Бұл туралы брифингте Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты. Қосымша сабақ болып саналатын ресурстар арқылы оқушы, мұғалім және ата-ана арасында кері байланыс орнатылады. Бұл баланың үлгерімін бақылауға қолайлы. Ал өңірлердегі балабақшалар жұмысын штатты режимде жалғастырады. Ата-аналар баласын өздері апаруға құқылы. Апармаған жағдайда баланың орны сақталады.

 

Айта кеткен жөн, бүгінгі таңда балабақшаларда 67 мың бала тәрбиеленуде.
 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon