главная

СҚО-да 143 мектеп қалыпты жағдайда білім беруді жалғастырады

 

Солтүстік Қазақстан облысында шалғай елді мекендердегі мектептер штаттық режимде жұмысын жалғастырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО Білім басқармасының мәліметінше, қалыпты жағдайда жұмыс істейтін мектептерде 5 пен 80 балаға дейін оқиды. Бұл білім ордалары сондай-ақ облыс, аудан орталықтарынан және күре жолдардан алыс орналасқандықтан таңдалып алынды.

 

«Облыста оқушы саны аз 261 мектеп бар. Соның 143-і қалыпты жағдайда жұмыс істейді. Бұл мектептерде 5 мыңға жуық бала білім алып жатыр. 6 сәуірден оқушылар бала санына қарамастан екі ауысым бойынша оқитын болады. Мекемелерде сақтық шаралары күшейтіледі. Таңертең барлығы міндетті түрде медициналық тексеруден өтеді. Күнделікті санитарлық-дезинфекциялық іс-шаралар жүргізіледі», - дейді СҚО Білім басқармасының жетекшісі Гүлмира Кәрімова.

 

Облыстағы 3 арнайы мектеп-интернат пен жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған 6 мекемеде де қашықтан білім беру жүзеге асырылады.

 

Мамлют санаторлық мектеп-интернатында, Ломоносов және Чкалов мектеп-интернаттарында, жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шөптікөл, Соколов арнайы мектеп-интернаттарында оқу процесі әдеттегідей жүргізіледі. Бірақ келіп-кететін қызметкерлер мен педагогтар медициналық бақылауға алынып, ата-аналарға және бөгде адамдарға мекемеге кіруге тыйым салынады.

 

Техникалық қолдау көрсету мақсатында бүгін барлық ауданда фронт-кеңселер, Петропавлда call-орталық жұмысын бастады.

 

Ал қашықтан білім беру кезеңінде мектеп ұстаздарының еңбекақысы толық көлемде сақталмақ.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

Образование в Казахстане Журнал "Современное образование» Новости Образование Вузы wwww.obrazovanie.kz

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon