главная

Әлемнің 167 елі қашықтан білім беруге көшті

Жазда балалар әдеттегідей демалысқа шығады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында «Төтенше жағдай кезінде қашықтан оқытудың жаңа форматтары» тақырыбында өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қазіргі уақытта балалар мектептерін, ұстаздарын сағынып жүргенін көріп отырмыз. Жалпы еліміз бойынша ұстаздардың орны, ұстаздардың қадірі қатты білініп жатыр. Біраз уақыттан кейін бұл да аяқталып, дәстүрлі режимге ораламыз», - дейді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

 

Министр әлемде қанша мемлекет қашықтан оқуға көшкенін айтты.

 

«Әлемнің 167 елі, соның ішінде Қазақстан Республикасы да қашықтан білім беруге көшті. Қазақстанда оқу процесі кейінге, атап айтқанда, жаз мезгіліне шегерілмейді. Жазда балалар әдеттегідей демалысқа шығады», - деп атап өтті министр.

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon