главная

Коронавируспен күрес: ҰБТ-да түлектер арасында 2 метр қашықтық сақталады

 

Коронавирус пандемиясына байланысты биылғы ҰБТ-да санитарлық шектеу шаралары қолға алынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді.

 

«Тестілеу мерзімі әзірге өзгеріссіз қалып отыр. Оны маусымның 22-сінде бастаймыз деп жоспарлап отырмыз. Егер пандемия салдарынан жағдай өзгерер болса, бұл мерзімді қарастырып, тағы екі аптаға созуымыз мүмкін», - деді Дидар Смағұлов ҚазАқпарат тілшісіне берген жауабында.

 

Сонымен бірге, биылғы тестілеуде түлектердің дене қызуын өлшеу, аудиториядағы адам санын азайту сынды қауіпсіздік шаралары қарастырылады.

 

«Тестілеуде әдетте бір аудиторияда 100-150 адам отыратын. Қазір 50 адамнан отырғызуды ұйғардық. Эпидемиологиялық жағдай қиындаса, 30 адамнан, тіпті 25 адамнан қалдырамыз. Әр түлектің айналасында 2-2,5 метр қашықтық сақталуы керек. Ол үшін аудандарда ғимарат жеткілікті, барлығын есептеп шықтық. Еш қиындық болмайды», - деді Д. Смағұлов.

 

Бұған дейін Дидар Смағұлов ҰБТ-ға 11-сыныптың төртінші тоқсанынан жаңа сұрақтар болмайтынын түсіндірген еді.

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon