главная

Министрлік ЖОО-лардан талап етілетін құжаттар тізімін қысқартады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ЖОО басшыларын қағазбастылықтан арылуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қағазбастылықтан арылу мәселесін тек мектеп төңірегінде шешіп қана қоймай, мектепке дейінгі ұйым, колледж бен ЖОО-ларда да қарастыру керек. Яғни, мәселеге кешенді қараған абзал. Сол себепті бұл бағыттағы жұмыс білім берудің барлық деңгейі бойынша жүргізіледі», - деді Асхат Аймағамбетов университет басшыларымен өткізген онлайн режимдегі жиында.

 

Министрдің айтуынша Білім және ғылым министрлігі мектеп директорлары мен ЖОО ректорларынан талап етілетін құжаттардың тізімін қарастырып, талдап жатыр.

 

«Олардың жартысын қарастырып, көбін алып тастадық. Яғни көбі алдағы уақытта талап етілмейді. Мәселен ЖОО-ларға келер болсақ, олардан кафедра жұмысының жоспарын енді сұрамаймыз. Сол секілді емтихандық ведомстволар, қорытынды аттестаттау өткізу отырысының түпкі хаттамасын, біліктілік тапсыру бойынша өткен отырыстың қорытынды хаттамасын да сұрамайтын боламыз. Біздің ойымызша, бұл жұмыстар БҒМ қадағалап отыратын міндеттер емес. Министрлік стратегиялық мәселелерге назар аударуы керек. ЖОО басшыларын осы ретте біздің ізімізбен керексіз құжаттардың бәрін алып тастауға шақырамыз. Барынша азайтуымыз керек», - деді ол.

 

Еске сала кетсек бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов балабақша, мектеп пен колледжде қағазбастылықтан арылатын күн келгенін мәлім еткен болатын. Министрдің айтуынша педагогты қосымша құжат толтыруға міндеттегендерге ірі көлемде дейін айыппұл салу көзделген.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon