главная

Биылдан бастап ЖОО мен колледж түлектері дипломды электронды форматта алады

 

Биылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындары мен колледждер түлектерге дипломды электронды форматта беретін болды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғаридің қатысуымен өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Биылдан бастап барлық жоғары оқу орны мен колледж түлектері дипломды қағаз түрімен ғана емес, электрондық түрде алады. Барлық нормативті акті қабылданды. Бұл не үшін қажет? Жұмыс беруші мен азаматтарда дипломның жасанды емес екеніне, сапасына қатысты сұрақтар туындап тұратыны жасырын емес. Дипломын растау үшін жұмыс беруші мен жас маманның көп уақыты кетеді. БҒМ-ға жыл сайын дипломның заңды екенін растау үшін 500 мыңға жуық өтінім келеді. Оны растау үшін көп уақыт қажет», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.

 

Оның айтуынша, бүгінгі таңда 1992 жылдан бергі 2,5 миллион диплом мәліметтер базасына енгізілген. Қазіргі уақытта жоғары оқу орнын 1992 жылға дейін бітіргендердің тарихи мәліметтері жиналып жатыр.

 

«Биыл біз барлық дипломды цифрландырдық. Білім және ғылым министрлігі сайтынан базаға енгізілген дипломды онлайн режимде тексеруге болады. Жұмыс берушінің де, жұмысқа тұратын азаматтың да уақыты мен ақшасы үнемделеді. Енді дипломның заңды екенін растау үшін нотариусқа барып, ақша төлеудің қажеті жоқ. Жыл соңына дейін бұл жұмысты толық аяқтаймыз», - дейді ол.

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon