главная

Қазақстандық оқушылар электронды оқулықтармен қамтылады

 

Қазақстанда электронды оқулықтар дайындалып жатыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Біз баспамен келісіп қойдық. Оқулықтардың электронды нұсқасы қолжетімді болуы керек. Біз де, баспа да қазіргі уақытта жүргізіп жатқан ең маңызды жұмыстардың бірі осы», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің онлайн форматтағы тілшілермен кездесуінде.

 

Еске сала кетсек бұған дейін Асхат Аймағамбетов «Қыркүйекте балалар онлайн оқи ма, әлде мектепке бара ма?» деген сұраққа жауап берген еді. Министрдің айтуынша осы үш бағыт бойынша дайындық жұмыстары қызу жүргізілуде.

 

«Осы үш нұсқа Денсаулық сақтау министрлігімен, басқа да мемлекеттік органдармен талқылану үстінде. Оның қыр-сырын зерттеу бойынша жұмыс топтары бар. Іске ғалымдар мен педагогтарды, мектеп директорлары мен сарапшыларды тарттық. Сол себепті қазіргі уақытта барлы өңірде үлкен талқылау жұмыстары жүргізілуде. Осыған дейін әлеуметтік желіде тарап кеткен слайд-материал Білім және ғылым министрлігіне тиесілі емес. Оны мектеп деңгейінде талқылағандардың бірі таратуы мүмкін», - деді ол.

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon