главная

1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды

 

Бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау 20 тамызға дейін ұзартылды. Бұл туралы ҚазАқпарат Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

 

Елімізде карантиндік режимнің ұзартылуына байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау мерзімін 20 тамызға дейін ұзартады. Бүгінгі күні 350 мыңға жуық өтініш түсті. Олардың басым көпшілігі egov.kz «электрондық үкімет» порталы арқылы қабылданды.

 

Медициналық анықтамаларды алу кезіндегі қиындықтарға байланысты білім беру ұйымдарына құжаттар тапсыру кезінде оларды ұсынбауға уақытша рұқсат етіледі. Медициналық анықтамаларды мүмкіндік болған кезде тапсыруға болады. Бастауыш сынып оқушыларының ата-аналарының жазбаша өтініші бойынша, білім беру ұйымында жағдай болса, бірінші тоқсанда қатаң санитарлық шараларды сақтай отырып, кезекші сыныптардың жұмыс істеуі ұйымдастырылады. Еске салсақ, 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызға дейін жалғасатындығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

Образование в Казахстане Журнал "Современное образование» Новости Образование Вузы wwww.obrazovanie.kz

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon