главная

Білім министрі мектептерге компьютер сатып алу шарасы қалай жүргізіліп жатқанын айтты

 

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектептерге компьютер сатып алу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Ірі мемлекеттік сатып алулар бойынша айқын, ашық шешім қабылдау алгоритмі әзірленетін болады. Онда «Адалдық алаңы» мен «Адал білім» жобалық кеңселерімен өзара іс-қимыл мәселелері көзделген. Мұндай тәжірибе қазіргі уақытта бейімделіп жатыр. Осы жолы біздің әріптестеріміз компьютерлік техника сатып алу барысында осы жұмыстарды жүргізеді», - деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.

 

Оның нақтылай түсуінше, мемлекеттік қаражатты игеру барысы толықтай ашық жасалады.

 

«Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға бағытталған барлық қаражатты игеру және толықтай алғанда білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасының әрбір тармағына мониторинг жасау арнайы сайтта қолжетімді болады», - деді Асхат Аймағамбетов.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon