главная

Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу ерекше маңызға ие – Асхат Аймағамбетов

Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу қазіргі уақытта ерекше маңызға ие. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеу қазіргі уақытта ерекше маңызға ие. Осы тұрғыда бейресми білім берудің нәтижелерін растау жүйесі де қайта қарастырылады. Тәуелсіз сертификаттау орталықтарының, оның ішінде өз бетінше мамандық иегерлері үшін де біліктілік беру одан ары қарай дамытылатын болады», - деді министр Үкімет отырысында.

 

Сонымен қатар ол білім алушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту тақырыбына тоқталды.

 

«Барлық деңгейдегі білім алушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту жөнінде жұмыс білім берудің бүкіл деңгейлерінде жүргізіледі. Еңбек нарығының сұраныстарын ескере отырып, «Атамекен» палатасымен бірге бұл жұмысты ары қарай жалғастырып, жүйелі түрде ұйымдастыратын боламыз», - деді А. Аймағамбетов.

 

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке үздіксіз білім беру тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырды.

 

 

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

Образование в Казахстане Журнал "Современное образование» Новости Образование Вузы wwww.obrazovanie.kz

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon