главная

Асхат Аймағамбетов: Директорда үш орынбасар, екі есепші бола ма бәрібір – бізге керегі білім сапасы

September 22, 2020

 

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов білім беру ұйымдарындағы типтік штаттар алдағы уақытта міндетті болмайтынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Білім беру ұйымдарында типтік штаттар міндетті болмауы тиіс. Өйткені жан басына шаққандағы қаржыландыру деген – бір балаға шаққанда қаржы беріп, мектеп басшылығы мен қамқорлық кеңесінің қолын босатуымыз керек. Өйткені мектеп басшысы екі немесе үш орынбасары, екі есепшісі бола ма – өзі шешуі керек. Біз оны қалай болса да үш орынбасар болуы керек деп міндеттемеуге тиіспіз. Егер үнемдегісі келсе – өз еркі. Бір орынбасары болса да бәрібір. Бізге керегі – білім сапасы», - деді Асхат Аймағамбетов Білім және ғылым министрлігінің аппараттық отырысында.

 

Министр жауапты қызметкерлерге осы мәселені қысқа мерзімнің ішінде шешуді тапсырды.

 

Еске сала кетсек, бұған дейін Асхат Аймағамбетов жан басына қаржыландыру жүйесімен жұмыс жүргізбеген білім басқармаларының басшыларын сынға алған еді.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon