главная

СҚО Петерфельд ауылында тәжірибелік мектеп ашылды

 

Солтүстік Қазақстан облысы Петерфельд ауылында орта мектеп құрылтайшы есебінен күрделі жөндеуден өтіп, енді жаңа бағдарлама бойынша білім беруді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

СҚО Қызылжар ауданы Петерфельд ауылындағы Қызылжар Абай орта мектебі – сенімгерлік басқаруға берілген білім ордаларының алғашқысы. «Қызылжар Абай орта мектебі» қоғамдық қорының құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы мектепті жөнге келтіруге биыл 300 млн теңге жұмсады. Енді ауылдағы білім ордасы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ тәжірибесі бойынша балаларға дәріс бермек. Заман талабына сай жабдықталған мектептің жұмысымен ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов танысты.

 

Сенімгерлік басқаруға берілген облыстағы алғашқы мектеп Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе жұмыс істейді. Осылайша ұстаздардың кәсіби шеберлігін, ал оқушылардың білім сапасын арттырмақ. Мектеп басшылығы болашақта интернат ашуды және Қызылжар Абай орта мектебін тәжірибелік-ресурстық орталыққа айналдыруды жоспарлаған.

 

«Бүгінгі ауыл мектебі тек балаларды оқытумен шектелмеуі қажет. Ол білім берумен қатар балаларды жаңа заманға бейімдейтін, қазіргі өмірге қажетті дағдылар қалыптастыратын орталық ретінде қызмет етуі керек. Әрине, мектеп алдымен өз міндетін орындап, оқушыларға сапалы білім береді. Ол үшін бағдарлама, оқу әдістемесі қайта құрылды. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін ұстаздарды қолдап, ынталандыратын боламыз. Бұл істе «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» тәжірибесін негізге алдық. Мектеп заманға сай жабдықталған», - дейді Рауан Кенжеханұлы.

 

Мектепті таныстыру рәсіміне «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма төрағасы Күләш Шәмшидинова да қатысты. Жобаға оң бағасын беріп, мектептің болашақта да NIS тарапынан қолдау табатынын атап өтті.

 

«Мақсатымыз – ауылдық мектептерде білім сапасын арттыру. Мұнда еңбек ететін мұғалімдер арнайы оқудан өтті. Болашақта осы мектептің бағдарламасын басқа білім беру мекемелеріне енгізу мәселесін қарастыру керек», - дейді Күләш Шәмшидинова.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon