главная

Қазақстандық оқушылар Балқан математика олимпиадасынан 6 медаль жеңіп алды

 

Қазақстан құрама командасы 37-ші Балқан математика олимпиадасына (Balkan mathematical olympiad) қатысты. Биыл пандемия жағдайына байланысты олимпиада 31 қазан-5 қараша аралығында қашықтан өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

Бұл жарыста әлемнің 18 елінен 154 оқушы бақ сынаған. Биыл олимпиаданы Румыния елі ұйымдастырды.

 

Балкан математика олимпиадасы - Еуропа елдерінің оқушыларына арналған халықаралық математикалық жарыс. Қазақстан олимпиадаға қонақ ел ретінде қатысты.

 

Олимпиадаға қатысқан ұлттық құрама команда 6 қатысушыдан тұрды. Олар - 2019 жылғы республикалық олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сонымен қатар олимпиадалық резерв мүшелері.

 

Биыл құрама команданың көрсеткен нәтижесі өте жоғары болды. 37-ші Балқан математика олимпиадасының қорытындысы бойынша ұлттық құрама екі күміс және төрт қола медальді жеңіп алды.

 

Күміс медаль иегерлері: Асылбек Олжабаев және Таир Сатубалдин, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12 және 11 сынып оқушылары.

 

Қола медаль иегерлері: Тамирлан Бектемісов, Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы; Батырхан Сәкенов, Алматы қаласы республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы; Юрий Тен, Алматы қаласы Haileybury мектебінің 11-сынып оқушысы; Сам Фетуллах, Нұр-Сұлтан қаласы дарынды балаларға арналған «Білім – Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Please reload

© 1999-2020  Редакция республиканского журнала "Современное образование"

новости образования | .kz news | новости | образование в Казахстане | новости | сегодня | bilim | kz | эксперт

вуз | университет | академия | институт | колледж | школа | частная школа | студент | ученик | школьник | учитель | преподаватель

конференция | форум | выставка образования | центр | музыкальная | художественная | абитуриент | student | shchool 

university | выставка вузы | день открытых дверей | талапкер - 2021 | талапкер | information | МОН РК - новости |

Министерство образования - актуальные новости | Казахстан | Новости образования РК сегодня | абитуриент - 2021

obrazovanie.kz 

МЫ В СОЦИАЛЬНЫХ СЕТЯХ

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon